«Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1305 Қаулысы (күші жойылды)

Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1305 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 5 бұйрығын қараңыз

 

«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 12 қазандағы

№ 1305 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН) - инвестициялау мақсаттарын сипаттайтын бастапқы негізгі деректерді, инвестиция тиімділігінің негіздемесі, оның ішінде: объектінің қызмет етуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық тиімділікті, сондай-ақ құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық параметрлері туралы мәліметтерді және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындайтын есептерді қамтитын жоба алды құжаттама;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.