Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
(2009.21.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған АЭА туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жыл 19 желтоқсан
№ 495
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 495 Жарлығымен
бекітілген
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2009.21.09. № 873 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан.
АЭА-ның аумағы 3475,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
ҚР Президентінің 2009.21.09. № 873 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. АЭА:
қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобалар әзірлеу және іске асыру;
мемлекеттік - жеке меншік серіктестік тетіктерінің негізінде мұнай-химия өндірістердің құрылысына және оларды кешенді дамытуға инвестициялар тарту;
жаңа өзара байланысты, тиімділігі жоғары әрі инновациялық мұнай-химия өндірістерін салу;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.