Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 Қаулысы
(2012.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.