Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші. ҚР МК 04-2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖІКТЕУІШІ
 
Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші

 

ҚР МК 04-2008

 

Мазмұны

 

1 Қолданылу саласы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Терминдер мен анықтамалар

4 Жалпы ережелер

5 Жіктеуіш құрылымы

6 Жіктеуішті жүргізу

7. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші

 

 

1 Қолданылу саласы

 

1.1 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің осы жіктеуіші (ЭҚТӨЖ, бұдан әрі - жіктеуіш) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу және кодтау тәртібін белгілейді және өнім кодтарын белгілейді.

1.2 Жіктеуіш талаптары министрліктер, ведомстволар, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, ұйымдастырушылық - құқықтық нысандар мен ведомстволық бағыныстылығына тәуелсіз және техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтау және жіктеу бойынша жұмыстарға қатысатын және (немесе) оларды өз қызметінде қолданатын заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

1.3 Осы жіктеуіштің ережелері:

а) өнімдерді оның экономикалық қызмет түрлерімен функционалды өзара байланысын зерделеуге арналған статистикада;

б) өнімдер бойынша статистикалық деректерді халықаралық салыстыру үшін;

в) өнімдердің (тауарлар мен қызметтердің) ұлттық номенклатурасын әзірлеуге арналған негіз ретінде;

г) өнімдерді сертификаттау және сәйкестендіру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде;

д) стандарттарды және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде қолдануға жатады.

 

 

2 Нормативтік сілтемелер

 

Осы жіктеуіште мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:

ҚР СТ 5.0-2005 «Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Негізгі ережелер».

ҚР СТ 5.2-2005 «Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу туралы ереже».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.