«Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген) (2012.06.09. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

 


«Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

 

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. «Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) және алушының электрондық-цифрлы қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған кезде www.e.gov.kz  «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.minjust.kz  интернет-ресурсында «Ақпараттық материалдар» бөлімінде;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz  интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде;

3) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефон нөмірі бойынша да алуға болады (1414).

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтаманы (электрондық және қағаз жеткізгіште) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) болған кезде мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

орталыққа жүгінген кезде жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

1) құжаттарды тапсырған кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 20 минуттан аспайды;

2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

3) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет алушы порталға ақпараттық қызмет алу үшін жүгінген кезде жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама электрондық түрде сұрау салу түскен сәттен бастап 30 минут ішінде беріледі;

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Орталықтардағы жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орталық ғимаратында көрсетіледі, онда дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.

Порталда - жеке кабинетте.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi

 

11. Мемлекеттік қызмет алушы не өкілі (сенімхат бойынша) мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды:

1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салуды;

2) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатын ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың  2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

2) порталға:

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті уәкілетті органның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не орталықтың консультанттарында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz  интернет-ресурсында болады.

Порталға жүгіну кезінде осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтыру қажет.

13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Порталға жүгіну кезінде электрондық сұрау салуды жіберу мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу уәкілетті органның мекенжайына таңдалған қызметке сәйкес автоматты түрде жолданады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұралып отырған мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет алушының қызмет көрсету нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.

15. Орталықта мемлекеттік қызмет алушыға дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхаттар негізінде жүзеге асырады.

Егер мемлекеттік қызмет алушы қызмет нәтижесіне көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда орталық бір ай мерзімде оны сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға өткізеді.

Дайын құжаттарды уәкілетті органнан орталыққа жеткізу курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.

порталда - мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетіне» жеткізіледі.

16. Орталық құжаттарды қабылдаудан осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін мемлекеттік қызмет алушы ұсынбаған жағдайда бас тартады.

Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде, мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді.

Уәкілетті орган жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беруден мынадай жағдайларда:

1) тиісті емес адам өтінгенде не өтініш берген өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттар болмағанда;

2) құжаттар тиісті түрде ресімделмегенде;

3) өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбағанда бас тартады.

Қызмет көрсетудің бекітілген мерзімінде уәкілетті орган одан әрі мемлекеттік қызмет алушыға ұсыну үшін орталыққа бас тартудың себебін көрсете отырып хабарлама жолдайды.

Орталыққа құжаттар қайтарылған жағдайда орталық қызметкері оларды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға хабарлайды және уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәкілетті органның дәлелді жауабын - электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесін береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік органнан не электрондық құжат түрінде порталдағы «жеке кабинеттен» алады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;

3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;

4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Орталық қызметкерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы осы стандартқа 2-қосымшада телефондары көрсетілген орталық басшыларына жүгінеді.

Орталықтың қызметкерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығы ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефон нөмірі бойынша немесе осы стандарттың 2 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша да алуға болады.

21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

Уәкілетті органдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.

22. Орталық қызметкерлері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым орталық басшысының атына немесе «Орталық» РМК-на беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электрондық мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Қажет жағдайларда мемлекеттік қызмет алушылар шағымға уәкілетті орган ұсынған мемлекеттік қызметтің сапасыздығын немесе орталық қызметкерлерінің тиісінше қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса береді.

25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады).

Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады.

26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.

«Орталық» РМК-ның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.

 

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген

және тоқтатылған құқықтар

туралы анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы

 

 

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген

және тоқтатылған құқықтар

туралы анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары