ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильдік орталықтар арқылы көрсетуге рұқсат етіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.minjust.kz интернет-ресурсында «Ақпараттық материалдар» бөлімінде;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) орталықтың үй-жайларындағы стенділерде;
4) ресми ақпарат көздерінде орналасады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.
5. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру (қағаз жеткізгіште) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жылжымайтын мүліктің құқық иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет уәкілетті органға өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру бесінші жұмыс күні жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш беру) 20 минуттан аспайды.
мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін электрондық сұрау салулар көзделмеген;
3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшалы көрсетіледі.
Тіркеу алымы салық салу объектісі тіркелген орны бойынша Қазақстан Республикасының бюджетіне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді. Тіркеу алымы тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленуі тиіс.
9. Орталықтардағы жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсебіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша орталық ғимаратында көрсетіледі, онда дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызмет алушы (мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызмет алу үшін оның жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі және мынадай құжаттарды:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы өтінішті;
2) мемлекеттік қызмет алушысының (жеке тұлғаның) және мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
3) құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған жылжымайтын мүлік объектісін тіркелген жері бойынша жергілікті немесе республикалық газеттің данасын;
4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін алым төлегенін растайтын құжатты не төлем шлюзі арқылы берілетін төлем туралы чекті ұсынуға тиіс.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мемлекеттік қызмет алушының жеке басты куәландыратын құжатының мәліметтерін орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
12. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орнастырылады.
13. Орталықта құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызмет алушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні, (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға беруді орталық қызметкері «терезелер» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
Егер мемлекеттік қызмет алушы қызмет көрсету нәтижелерін белгіленген мерзімде алмаған жағдайда, орталық бір ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, кейін уәкілетті органға тапсырады.
Дайын құжаттарды уәкілетті органнан орталыққа жеткізу курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.
16. Орталық осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін мемлекеттік қызмет алушы ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде, мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді.
Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) тиісті емес тұлға жүгінгенде;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмағанда;
3) құжаттар тиісті түрде ресімделмегенде жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беруді тоқтата тұрады немесе бас тартады.
17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына:
1) әдептілік;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;
3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;
4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Мемлекеттік қызметті алушы орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесуде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген телефон арқылы орталықтың басшылығына жүгінеді.
Орталық қызметкерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығы ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефон нөмірі не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Орталық қызметкерлері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Орталық басшысының атына немесе «Орталық» РМК-на беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.
22. Орталық қызметкерлері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына немесе қарамағына орталық кіретін Қазақстан Республикасы Көлік және комуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электрондық мекенжайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажет жағдайларда мемлекеттік қызмет алушылар шағымға уәкілетті орган ұсынған мемлекеттік қызметтің сапасыздығын немесе орталық қызметкерлерінің тиісінше қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса береді.
25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады).
Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
«Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымшасы
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы
құқық белгілейтін құжаттың
телнұсқасын беру»
2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары