ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Шалғай жатқан елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы 4-тармағына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz «Ақпараттық материалдар» бөлімінде;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде;
4) ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорттың телнұсқасын (қағаз жүзінде) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет құқық иесі болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:
пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге, жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорттың телнұсқасы бірінші жұмыс күні беріледі (құжаттарды қабылдау күні, ал орталыққа өтініш бергенде беру күні де мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
алаңы 1000 шаршы метрге дейінгі жылжымайтын мүліктің қалған объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасы екінші жұмыс күні беріледі (құжаттарды қабылдау күні, ал орталыққа өтініш бергенде беру күні де мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілерге техникалық паспорттың телнұсқасы үшінші жұмыс күні беріледі (құжаттарды қабылдау күні, ал орталыққа өтініш бергенде беру күні де мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) - 20 минуттан аспайды;
2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) дайын құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемақы мемлекеттік басқару органы бекіткен Баға прейскурантына сәйкес айқындалады және уәкілетті органның есеп шотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрінде енгізіледі.
9. Орталықтардағы жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды аумақтық полиция басқармалары мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар, толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызмет алушы немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік қызмет алу үшін жеке басты куәландыратын құжатты және мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті органның атауы, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, оның орналасқан жері, мемлекеттік қызмет алушының (уәкілетті өкілдің) деректері, жеке тұлғаның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы мен деректемелері көрсетілген жазбаша өтінішті;
2) мемлекеттік қызмет алушының жеке басты куәландыратын құжатын (заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынады);
3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжатты;
4) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды;
5) техникалық паспорттың телнұсқасын бергені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
12. Орталықтарда өтініштердің бекітілген нысандағы бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет ресурсында www.con.gov.kz орналастырылады.
13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
14. Қажетті барлық құжаттар тапсырылған жағдайда, мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. Дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға беруді орталық қызметкері «терезелер» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
Дайын құжаттарды жеткізу курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.
16. Орталық құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда бас тартады.
Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде, мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді.
Уәкілетті орган жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруден өткізуден мынадай жағдайларда:
1) тиісті емес адам өтініш жасағанда;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағанда;
3) құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде бас тартады.
Қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға (мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкіліне) бас тартудың себептерін көрсетіп, күту залының «терезесі» арқылы хабарлама береді.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген кезде уәкілетті орган қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде орталыққа одан әрі мемлекеттік қызмет алушыға (мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкіліне) беру үшін бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізуден бас тартылған кезде мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсеткені үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы қайтарылып беріледі. Мемлекеттік қызмет алушы осы құжатты техникалық паспорт алу үшін қайта сұрау салу бергенде немесе төленген соманы уәкілетті орган қайтарып беруі үшін ұсына алады.
17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына:
1) әдептілік;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;
3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;
4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген орталық басшыларына жүгінеді.
Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты ақпараттық-анықтамалық қызметтің call-орталығының 1414 телефон нөмірі бойынша не осы стандарттың 2-қосымшасынында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30 аралығында түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін уәкілетті орган басшысының атына беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитетіне жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30 аралығында түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.
22. Орталық қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе «Орталық» РМК-на беріледі. Орталықтардың мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.
23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызмет алушылар шағымға уәкілетті органдардың мемлекеттік қызметтерді сапасыз ұсынғанын немесе орталықтың, уәкілетті орган қызметкерінің тиісті қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса береді.
25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады).
Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
«Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 А, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Жылжымайтын мүлік объектілеріне
техникалық паспорттың телнұсқасын
беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы