«Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 663 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және әкімшілік деректерді жинауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7248 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жариялаған, 2012 жылғы, № 6, 64-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасындағы ай сайынғы кезеңділік нысанында:
стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасындағы жылдық кезеңділік нысандарында:
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастар туралы есеп (8-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен тері аурулары туралы есеп (9-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;