Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрi орман өсiру жөніндегі нормалар мен нормативтердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 Қаулысы
(2011.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрi орман өсiру жөніндегі нормалар мен нормативтерi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.