«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 Қаулысы
(2024.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2023.14.07. № 590 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.