«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 Қаулысы
(2023.27.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.