(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2012.28.03 № 131 БҰЙРЫҒЫ

Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығы

 

Осы редакция 2012 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:

1. Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтары күшiн жойды деп танылсын.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 28 наурыздағы

№131 бұйрығына 1 қосымша

 

 

Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке және тіркеудің өзге де объектілерінде қазіргі бар және тоқтатылған құқықтар, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы туралы ақпаратты ұсыну тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ақпарат).

2. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты ұсыну тегін негізде жүзеге асырылады.

3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) тiркеушi орган - мемлекеттiк тiркеудi жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асыратын аумақтық әдiлет органдары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.