2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 464 шешімі
(2012.10.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 6 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының 2012.03.04. III сессиясының № 37 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының V сессиясының 2012.08.06. № 55 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының VІІ сессиясының 2012.10.08. № 77 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 149256878 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 37220427 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 796062 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 111240389 мың теңге;
2) шығындар - 150778166 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2198431 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 3265889 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1067458 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 155722 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 155722 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 3563997 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3563997 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 3265889 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 926955 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 1225063 мың теңге.