Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 25 қазандағы № 722 Бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтері бекітілсін.
2. Ақпараттың технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
1) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оны тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.