Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1473 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды
«Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығын қараңыз
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысы;
2) «Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 595 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.