(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2010.31.03 № 213 ...

Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығы

 

Осы редакция 2012 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін және агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын көтермелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Әкімшілік қамтамасыз ету департаменті (Керімбек А. Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2010 жылғы 31 наурыздағы

№ 213 бұйрығымен бекітілген

 

 

Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі

нұсқаулық

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.