2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) уəкілетті органның «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сəйкес банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мəртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;
6) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) банктің бизнес-жоспарының және өтініш беруші ұсынған өзге де құжаттардың:
алғашқы үш қаржы жылы (операциялық жыл) өткеннен кейін банк қызметінің рентабельді болатынын;
банк тәуекелді шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиісті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;
банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық, есептік және бақылау құрылымының бар екенін көрсетпеуі;
8) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің ол белгілеген мерзімде жойылмауы;
9) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының осы Заңның 25-3-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
10) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру салдарының қаржылық болжамынла микроқаржы ұйымын банкке айналдыру салдарынан микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауының және (немесе) құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауының күтілуі;
11) микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде микроқаржы ұйымының белгіленген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) өтініш берілген күнге жəне құжаттарды қарау кезеңінде микроқаржы ұйымында осы Заңның 28-бабында көзделген жазбаша нұсқама түрінде қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шарасының жəне (немесе) Қазақстан Республикасы Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші, 3-1, төртінші бөліктерінде жəне 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін əкімшілік жазалардың болуы;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) осы Заңның 25-1-бабының талаптарының сақталмауы.
2. Уәкілетті орган өтініш берушіні бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Рұқсатты беруге негіз болған анық емес мəліметтер анықталған жағдайда, уəкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат кері қайтарып алынған немесе микроқаржы ұйымы осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде уəкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған немесе микроқаржы ұйымы рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап екі айдың ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға өзіне берілген рұқсатты уəкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі өткенге дейін ерікті түрде қайтаруға құқылы.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға бұрын берілген рұқсаттың жəне «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сəйкес берілген келісімнің күші жойылды деп есептеледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-3-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-3-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын микроқаржы ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында іске асыру мерзімдерін қоса алғанда, мынадай іс-шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасы қамтылуға тиіс:
1) банктің банк операцияларын жүргізу туралы шарттардың үлгілік шарттарын әзірлеу;
2) айналдыру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау және микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында орналастыру;
3) қызметтің жаңа түрлерін ескере отырып, микроқаржы ұйымын корпоративтік басқаруды және оның ішкі саясаттары мен рәсімдерін, өзге де ішкі құжаттарын қайта қарау және өзгерту;
4) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлерін айқындау;
5) осы Заңның 25-4-бабына сәйкес микрокредит беру туралы шарттар бойынша клиенттермен жұмыс жүргізу;
6) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін, бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітаптың жүргізілуін автоматтандыру бойынша үй-жайларды, жабдықты және бағдарламалық қамтылымды дайындау, банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуі үшін бағдарламалық қамтылымды пысықтау, тиісті персоналды жалдау үшін қызметкерлердің тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсете отырып, штат кестесінің, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларының, ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ереженің жобаларын дайындау;
7) 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабына сəйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу;
9) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға ұсыну;
10) микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну;
11) микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын, қызметкерлердің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсете отырып, штат кестесін бекіту, банктің директорлар кеңесінің ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережені бекітуі;
12) банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну;
13) микроқаржы ұйымын банкке айналдырудың осы Заңның 25-4-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен аспауға тиісті жоспарланатын мерзімі;
14) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар.
3. Уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, микроқаржы ұйымы уәкілетті органға іс-шаралардың орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсынады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген есепке ескертулер болған кезде уәкілетті орган микроқаржы ұйымынан қосымша іс-шаралардың орындалуын және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттардың берілуін талап етуге құқылы. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін ескеруге (талап етілетін қосымша іс-шараларды орындауға және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруге) және уәкілетті орган белгілеген мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға қайта ұсынуға міндетті.
5. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап екі ай ішінде оны мақұлдайды немесе мақұлдаудан бас тартады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-4-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-4-бап. Микроқаржы ұйымының банкке айналуы кезеңіндегі қызметі
1. Айналдыру кезеңінде микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
2. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде:
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру туралы хабарландыруды қазақ жəне орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды жəне микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында орналастырады;
2) микроқаржы ұйымының клиенттеріне микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен жүргізілуі жоспарланатын банк операциялары мен өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жүргізілетіні туралы хабарламаны жібереді.
3. Микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуға және осы Заңда көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға және, банк болып мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін қарыз алушылар үшін шарттарды жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, клиенттермен жасалған микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуге тыйым салынады.
4. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру мерзімін бір жылдан асыруға болмайды. Осы мерзімді уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті қарау және микроқаржы ұйымының осы Заңның 25-3-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ескертулерін жою мерзіміне тоқтата тұрады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-5-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-5-бап. Микроқаржы ұйымын мемлекеттік қайта тіркеу және банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
1. Уәкілетті орган осы Заңның 25-3-бабының 3-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу үшін микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінуге міндетті.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға бұрын берілген лицензия микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Микроқаржы ұйымы уəкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, уəкілетті органға «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген тəртіппен банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беруден бас тарту «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
5. Микроқаржы ұйымына банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия берілген кезден бастап микроқаржы ұйымын банкке айналдыру аяқталды деп есептеледі.
4-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
26-бап. Микроқаржы ұйымы үшін белгіленетін пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
Пруденциялық нормативтердің және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:
1) жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi;
2) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;
3) меншікті капиталдың жеткiлiктiлiгi;
4) бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) левередж коэффициенті;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7) қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті кіреді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) микроқаржылық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін міндетті микроқаржылық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
2) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тиісті микроқаржылық қызмет түріне қатысты пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2) микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібін айқындайды;
4-3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 4-4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-4) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 4-5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-5) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекітеді;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын әзірлейді және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекітеді;
Микроқаржы ұйымы құрған провизиялардың (резервтердің) жеткіліктілігін бағалауды уəкілетті орган халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкестігі, олардың сақталуы мен қолданылуы тұрғысынан, оның ішінде уəжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады;
6) микроқаржы ұйымының қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылы (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2) қадағалап ден қою шараларын қолданады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда; 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) сотқа:
осы Заңның 16-бабының 9-тармағының бірінші бөлігінде көзделген талап орындалмаған жағдайда, микроқаржы ұйымдарын;
микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған, сондай-ақ осы Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптарды орындамаған заңды тұлғаларды;
2021 жылға дейін микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған заңды тұлғаларды;
қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын (микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда), осы Заңға сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтпеген заңды тұлғаларды;
осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген микрокредиттік ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қою береді;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған микроқаржы ұйымының немесе қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаның лицензиядан айыру кезіне микроқаржы ұйымы орындамаған микрокредит беру туралы шарттар бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) құқыққа сыйымсыз ұсталған сомаларын қарыз алушы жеке тұлғаларға қайтаруды көздейтін қадағалап ден қою шараларын мəжбүрлеп орындау туралы сотқа талап қоюды береді;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты тексеру жүргізуге тапсырма береді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
1. Уəкілетті орган микроқаржы ұйымының кредиторлары мен клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына жəне микроқаржы ұйымының қызметіне байланысты тəуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында микроқаржы ұйымына қадағалап ден қою шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы заңдарының жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамау;
2) уəкілетті орган бақылау жəне қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уəжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, микроқаржы ұйымының қызметіндегі микроқаржы ұйымының тұрақты жұмыс істеуіне жəне (немесе) оның кредиторларының жəне (немесе) клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін кемшіліктер жəне (немесе) тəуекелдер;
3) уəкілетті органның бақылау жəне қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен қызметкерлерінің өз клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келген құқыққа сыйымсыз əрекеттерін немесе əрекетсіздігін анықтауы;
4) уəкілетті органның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша басшы қызметкердің (басшы қызметкерлердің) əрекеттерін (əрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес келмейтін жəне (немесе) олардың микроқаржы ұйымына жəне (немесе) оның клиенттеріне жəне (немесе) кредиторларына залал келтіргенін айғақтайтын əрекеттер (əрекетсіздік) деп тану үшін жеткілікті деректер;
5) уəкілетті органның сұрау салуы бойынша мəліметтерді ұсынбау жəне (немесе) анық емес мəліметтер ұсыну;
6) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсыну;
7) осы Заңға сəйкес бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;
8) тармақшаның қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңның 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
8) микроқаржы ұйымының микроқаржы омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
9) тармақшаның қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңның 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
9) микроқаржы ұйымының микроқаржы омбудсманының шешімін қарыз алушы жеке тұлға қабылдаған жағдайда осы Заңның 29-3-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде оны орындамауы.
3. Уəкілетті орган анықталған бұзушылықтарды, оның ішінде уəжді пайымдау пайдаланыла отырып анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында микроқаржы ұйымына:
1) микроқаржы ұйымы қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкестігін қамтамасыз ету;
2) шығыстарды қысқарту, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, жекелеген филиалдарды жабу, басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын жəне материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін шектеу арқылы қысқарту;
3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыру (толық қалыптастыру);