5. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап екі ай ішінде оны мақұлдайды немесе мақұлдаудан бас тартады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-4-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-4-бап. Микроқаржы ұйымының банкке айналуы кезеңіндегі қызметі
1. Айналдыру кезеңінде микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
2. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде:
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру туралы хабарландыруды қазақ жəне орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды жəне микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында орналастырады;
2) микроқаржы ұйымының клиенттеріне микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен жүргізілуі жоспарланатын банк операциялары мен өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жүргізілетіні туралы хабарламаны жібереді.
3. Микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуға және осы Заңда көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға және, банк болып мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін қарыз алушылар үшін шарттарды жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, клиенттермен жасалған микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуге тыйым салынады.
4. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру мерзімін бір жылдан асыруға болмайды. Осы мерзімді уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті қарау және микроқаржы ұйымының осы Заңның 25-3-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ескертулерін жою мерзіміне тоқтата тұрады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-5-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-5-бап. Микроқаржы ұйымын мемлекеттік қайта тіркеу және банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
1. Уәкілетті орган осы Заңның 25-3-бабының 3-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу үшін микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінуге міндетті.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға бұрын берілген лицензия микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Микроқаржы ұйымы уəкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, уəкілетті органға «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген тəртіппен банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беруден бас тарту «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
5. Микроқаржы ұйымына банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия берілген кезден бастап микроқаржы ұйымын банкке айналдыру аяқталды деп есептеледі.
4-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
26-бап. Микроқаржы ұйымы үшін белгіленетін пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
Пруденциялық нормативтердің және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:
1) жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi;
2) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;
3) меншікті капиталдың жеткiлiктiлiгi;
4) бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) левередж коэффициенті;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7) қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті кіреді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) микроқаржылық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін міндетті микроқаржылық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
2) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тиісті микроқаржылық қызмет түріне қатысты пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2) микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібін айқындайды;
4-3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-4) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-5) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекітеді;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын әзірлейді және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекітеді;
Микроқаржы ұйымы құрған провизиялардың (резервтердің) жеткіліктілігін бағалауды уəкілетті орган халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкестігі, олардың сақталуы мен қолданылуы тұрғысынан, оның ішінде уəжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады;
6) микроқаржы ұйымының қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылы (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2) қадағалап ден қою шараларын қолданады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда; 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) сотқа:
осы Заңның 16-бабының 9-тармағының бірінші бөлігінде көзделген талап орындалмаған жағдайда, микроқаржы ұйымдарын;
микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған, сондай-ақ осы Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптарды орындамаған заңды тұлғаларды;
2021 жылға дейін микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған заңды тұлғаларды;
қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын (микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда), осы Заңға сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтпеген заңды тұлғаларды;
осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген микрокредиттік ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қою береді;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған микроқаржы ұйымының немесе қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаның лицензиядан айыру кезіне микроқаржы ұйымы орындамаған микрокредит беру туралы шарттар бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) құқыққа сыйымсыз ұсталған сомаларын қарыз алушы жеке тұлғаларға қайтаруды көздейтін қадағалап ден қою шараларын мəжбүрлеп орындау туралы сотқа талап қоюды береді;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты тексеру жүргізуге тапсырма береді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
1. Уəкілетті орган микроқаржы ұйымының кредиторлары мен клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына жəне микроқаржы ұйымының қызметіне байланысты тəуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында микроқаржы ұйымына қадағалап ден қою шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы заңдарының жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамау;
2) уəкілетті орган бақылау жəне қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уəжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, микроқаржы ұйымының қызметіндегі микроқаржы ұйымының тұрақты жұмыс істеуіне жəне (немесе) оның кредиторларының жəне (немесе) клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін кемшіліктер жəне (немесе) тəуекелдер;
3) уəкілетті органның бақылау жəне қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен қызметкерлерінің өз клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келген құқыққа сыйымсыз əрекеттерін немесе əрекетсіздігін анықтауы;
4) уəкілетті органның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша басшы қызметкердің (басшы қызметкерлердің) əрекеттерін (əрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес келмейтін жəне (немесе) олардың микроқаржы ұйымына жəне (немесе) оның клиенттеріне жəне (немесе) кредиторларына залал келтіргенін айғақтайтын əрекеттер (əрекетсіздік) деп тану үшін жеткілікті деректер;
5) уəкілетті органның сұрау салуы бойынша мəліметтерді ұсынбау жəне (немесе) анық емес мəліметтер ұсыну;
6) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсыну;
7) осы Заңға сəйкес бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;
8) тармақшаның қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңның 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
8) микроқаржы ұйымының микроқаржы омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
9) тармақшаның қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңның 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
9) микроқаржы ұйымының микроқаржы омбудсманының шешімін қарыз алушы жеке тұлға қабылдаған жағдайда осы Заңның 29-3-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде оны орындамауы.
3. Уəкілетті орган анықталған бұзушылықтарды, оның ішінде уəжді пайымдау пайдаланыла отырып анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында микроқаржы ұйымына:
1) микроқаржы ұйымы қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкестігін қамтамасыз ету;
2) шығыстарды қысқарту, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, жекелеген филиалдарды жабу, басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын жəне материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін шектеу арқылы қысқарту;
3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыру (толық қалыптастыру);
4) тармақшаның қолданысы 2026 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңының 2-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады
4) ішкі саясат пен рəсімдерді, тəуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді қайта қарау;
5) тармақшаның қолданысы 2026 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңының 2-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады
5) осы Заңның 14-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету бойынша, оның ішінде микроқаржы ұйымы осы Заңның 14-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан уəкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін шеттеткен жағдайларда;
6) микроқаржы ұйымы кредиторларының жəне (немесе) клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді жəне (немесе) жағдайларды жою бойынша талаптар қою арқылы қадағалап ден қою шараларын қолданады.
4. Бір қадағалап ден қою шарасын қолдану басқа да қадағалап ден қою шараларының қолданылуын жоққа шығармайды, бұрын қабылданған шаралардың қолданысын тоқтата тұрмайды жəне тоқтатпайды.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
6. Осы баптың 3-тармағында белгіленген, орындалуы міндетті шараларды қабылдауға микроқаржы ұйымына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада уəкілетті органның осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі - іс-шаралар жоспары) уəкілетті орган белгілеген мерзімде ұсыну туралы талап қамтылуы мүмкін.
Іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері жəне (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін микроқаржы ұйымы өзіне қабылдайтын шектеулер тізбесі көрсетіле отырып, осы баптың 3-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы уəкілетті орган мен микроқаржы ұйымы арасында жасалған жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісімге қол қоя отырып, микроқаржы ұйымы оның шарттарын орындау бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды.
Жазбаша келісімге микроқаржы ұйымы тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.
8. Микроқаржы ұйымы уəкілетті органды жазбаша нұсқамада жəне (немесе) іс-шаралар жоспарында жəне (немесе) жазбаша келісімде көрсетілген шараларды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындау туралы хабардар етуге міндетті.
9. Бұзушылықты жазбаша нұсқамада жəне (немесе) іс-шаралар жоспарында жəне (немесе) жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы жəне (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау жөніндегі мерзім уəкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Егер бұзушылықты жою үшін белгіленген мерзім бір айдан асатын болса, микроқаржы ұйымы уəкілетті органды орын алған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ай сайын, айдың жиырмасыншы күніне дейін хабардар етеді.
10. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде уəкілетті орган осындай бұзушылыққа ұқсас қайта жасалған бұзушылықты анықтаған жағдайда микроқаржы ұйымына осы баптың 11-тармағында көзделген санкциялар қолданылуы мүмкін екендігі туралы уəкілетті органның хабардар етілуі жазбаша ескерту болып табылады.
11. Уəкілетті орган қадағалап ден қоюдың қолданылған шараларына қарамастан, микроқаржы ұйымына осы Заңның 16-бабында белгіленген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияны қолдануға құқылы.
29-бап. Микроқаржы ұйымының қызметін тексеру
1. Микроқаржы ұйымының қызметiн тексерудi уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырады.
2. Микроқаржы ұйымы уәкiлеттi органның тексеруге берген тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдемдесуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерден жауап алу мүмкiндiгiн және тексерудi орындауға қажеттi кез келген ақпарат көзіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне микроқаржы ұйымының қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Тексерудi жүзеге асыратын адамдар микроқаржы ұйымының қызметiн тексеру барысында алынған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (2024 ж. 21 желтоқсаннан қолданысқа енгізілді)
4-1-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ОМБУДСМАНЫ
29-1-бап. Микроқаржы омбудсманы, оның мəртебесі, оны сайлау тəртібі жəне өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті
1. Жеке тұлғаның жəне микроқаржы ұйымының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда микроқаржы ұйымы мен жеке тұлға арасында жасалған микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді оның жүгінуі бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға микроқаржы омбудсманы болып табылады.
Микроқаржы омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) тараптардың теңқұқықтылығы;
3) микрокредит беру құпиясын жəне өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;
4) тараптардың құқықтарын сақтау жəне заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;
5) шешім қабылдау рəсімінің айқындылығы мен шешімнің негізділігі.
2. Микроқаржы омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы жəне осындай қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға өзі микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде микроқаржы омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға жəне микроқаржы омбудсманы микрокредитке байланысты сұратқан кез келген ақпарат пен мəліметтерді беруге міндетті.
3. Өкілдер кеңесі осы Заңның 29-2-бабының 1-тармағын да белгіленген талаптарға сəйкестігі тұрғысынан уəкілетті орган келіскен кандидаттар арасынан микроқаржы омбудсманын сайлауды жүзеге асырады.
Өкілдер кеңесі:
1) əділет органдарында тіркелген жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға жəне қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы (одағы) жəне (немесе) тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі болған жағдайда, олардан;
2) əділет органдарында тіркелген жəне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің ортақ мүдделерін білдіруге жəне қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының қауымдастығынан (одағынан);
3) уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкілден қалыптастырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген қауымдастықтар (одақтар) əділет органдарында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
4. Микроқаржы омбудсманы үш жыл мерзімге сайланады.
Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату жəне жүзеге асыру тəртібі осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
1) микроқаржы омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатуралар ұсыну, дауыс беру тəртібін айқындау;
2) құрылымы мен штатын (микроқаржы омбудсманының офисін) бекіту;
3) микроқаржы омбудсманының қызметін қаржыландыру тəртібін айқындау;
4) уəкілетті органмен келісу бойынша микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;
5) уəкілетті орган жүргізген, микроқаржы омбудсманының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) қарыз алушы - жеке тұлғалардың шағымдарына талдау жасау жəне микроқаржы омбудсманының есептерін қарау қорытындылары бойынша микроқаржы омбудсманына оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;