(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2010.01.09 №...

Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 556 Бұйрығы

 

Осы редакция 2012 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8 және 19-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі бекітілсін.

2. «Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі бекітілсін туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4549 нөмірмен тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж. Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министірінің м.а.

2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 556

бұйрығымен бекітілген

 

 

Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8 және 19-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтардың (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемесі) рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.