(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ...2011...

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысы

(2012.09.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 141-бабының 23-1) тармақшасына, 145-бабының 4-2-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ереже осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сай;

2) Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сай бекітілсін.

2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы Е.Қ.Сыздықов бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі

есеп комитетінің 2011 жылғы

12 тамыздағы № 1-НП

нормативтік қаулысына

1-қосымша

 

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы

үлгі ереже

__________ облысы (қаласы)

мәслихатының 2011 жылғы

«___» ______№ ___ шешімімен

бекітілген

 

«__________ облысы (қаласы) бойынша тексеру комиссиясы»

мемлекеттік мекемесінің

ережесі

 

 

I. Жалпы ережелер

 

1. «_________облысы (қаласы) бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Тексеру комиссиясы) жергілікті бюджеттердің атқарылуына жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

2. Тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың (бұдан әрі - қала) мәслихатына тікелей есеп береді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.