Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1518 қаулысымен
бекітілген
Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
қағидалары
(2013.28.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013.28.08. № 874 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығын есептеуге арналған жеке табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны мүліктік және басқа табыстар алған жеке тұлғаларды қоса алғанда Салық кодексінің 67-бабының 6-тармағына сәйкес жеке тұлғалар, сондай-ақ Салық кодексінің 185-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетел банктеріндегі шоттарында ақшалары бар жеке тұлғалар толтырады.
2. Декларация Салық кодексінің 67-бабына, 6-бөлімі 18, 20, 21-тарауларына, 204, 205-баптарына сәйкес жасалады. Декларация декларацияның өзінен (240.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (240.01-ден 240.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.