(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық агенттерi үшiн мынадай:

1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;

2) есепке жазылған әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың есепке жазылған сомасынан асып кету сомасы;

3) мемлекеттік мекемелер еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша төлеген әлеуметтік жәрдемақылардың сомасы;

4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың есептелген сомалары туралы, қызметкерлердің әлеуметтік салық салынатын және салынбайтын табыстарының тізбесі жөніндегі, салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық агенттерi үшiн мынадай:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) есептелген әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың есептелген сомасынан асып түскен сомалары;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салық агенті шегерімге жатқызған, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың есепке жазылған, бірақ төленбеген, жеке табыс салығы есептелетін табыстарының сомасы;

3) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтың және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушiлердiң жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылған қызмет бойынша әлеуметтiк салықтың есептелуi туралы, резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығының есептелуі туралы және жеке табыс және әлеуметтік салықтардың, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.

Бұл ретте резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшаларда табыс алушылар бойынша мынадай:

1) салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;

2) салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;

3) салық ставкасы туралы;

4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;

5) Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;

6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген, оның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы туралы;

7) салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.

4. Дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер табыс етеді.

Осы декларация салық төлеушілердің:

жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстарды;

шегерімге жатқызылған шығыстарды;

табыстар мен шегерімдерді түзетулерді;

салық салынатын табысты (залалды);

салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;

шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.

Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1) - 6), 8) - 10), 12) - 15) тармақшаларында көрсетілген;

2) осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

5. Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етеді.

Осы декларация салық төлеушілердің алған табыстарын, төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.

Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) одан тысқары жерлерде меншік құқығында мүліктің бар екендігі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы;

2) мүліктік және өзге де табыстар туралы;

3) меншік құқығындағы мүлік туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.

Осы декларация жеке тұлғалардың табыстарын, салық шегерімдерін, жеке табыс салығының сомаларын есептеуді декларациялауға арналған.

Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлері мен сомасы туралы, салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) мүліктік және өзге табыстар жөніндегі;

2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың табысы жөніндегі;

3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған табыстар жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы және шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымша өздерінен осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;

4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі;

5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалардың табыстары жөніндегі және осындай шоттарда ақшаның бар екендігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

 

68-бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі

1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Егер салық төлеуші Қазақстан Республикасының Үкіметі салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жататын салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін табыс етуге тиіс.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:

1) өзі келу тәртібімен:

салық есептілігі үшін - қағаз жеткізгіште;

мониторинг бойынша есептілік үшін - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - қағаз жеткізгіште;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.

Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:

мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.

Осы тармақтың 3) тармақшасының ережелері қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.

4. Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.

5. Салық есептілігінің электрондық форматының құрылымы, салық есептілігін электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілім және осы бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша мен (немесе) хабарлама бойынша қосымшаны қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен жағдайда, аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі салық кезеңіндегі кезекті салық есептілігіне теңестіріледі. Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 270, 296, 364,437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.

Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес (темекі өнімдерін көтерме сатуды қоспағанда) салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.

8. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.

 

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

69-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агентi) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етедi.

Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептілігiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептілігiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Салық есептілігi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) көрсетiлген салықтық өтiнiшi негiзiнде, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда, көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептілігiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып, салық қызметi органының салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнен керi қайтарып алуына жатады.

Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының негiзiнде табыс етiлетiн салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгiлде салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 68-бабының 2-тармағына сәйкес салық есептілігiн табыс етуге мiндеттi.

Салықтық өтiнiште көрсетiлген салық кезеңi үшiн табыс етiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен:

1) салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан керi қайтарылатын салық есептілігi жойылатын жою әдiсiмен;

2) бұрын табыс етiлген салық есептілігiне салық төлеушi (салық агентi) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiлетiн өзгерту әдiсiмен жүргiзiледi.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жою әдiсiмен мынадай:

1) салық төлеушi осы Кодекстiң 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексерудi жүргiзу басталғанға дейiн қызметiн қайта бастау туралы шешiм қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігiн;

2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн;

3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттемесi жоқ салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн;

4) осы Кодекстiң 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етiлмеген деп есептелетiн салық есептілігiн керi қайтарып алу жүргiзiледi.

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдiсiмен керi қайтарып алу кезiнде тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында керi қайтарылатын салық есептілігi бойынша салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзету жасауды жүзеге асырады.

Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептілігiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды, осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.

Салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігiн керi қайтарып алуды салықтық өтiнiшсiз жою әдiсiмен жүргiзедi. Керi қайтарып алу мұндай хабарламаны орындау үшiн көзделген мерзiм аяқталған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Өзгерту әдiсiмен мынадай:

1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

3) резидент мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген салық есептілігiн;

3-1) салық қызметі органының коды дұрыс көрсетілмеген;

3-2) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;

3-3) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;

4) салық төлеушi осы Кодекстiң 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргiзiлгеннен кейiн қызметiн қайта бастау туралы шешiм қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігiн керi қайтару жүргiзiледi.

Салық есептілігiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептілігi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептілігiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi. Хабарлама осы Кодекстiң 608-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде орындалуға жатады.

5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай:

1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнiң;

2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң қате берiлген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.

6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық есептілігiн керi қайтарып алуды жүргiзуге және салық төлеушiге (салық агентiне) уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

 

70-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.

2. Қосымша салық есептілігінде:

1) бұрын табыс етілген салық есептілігінің сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма;

2) бұрын табыс етілген салық есептілігіндегі қалған деректер өзгертілген кезде жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігiн табыс еткен кезде салық төлеушi (салық агентi) немесе осы Кодекстiң 586, 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгiзiлуге жатады.

4. Салық органы салық төлеушінің тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін салық төлеуші (салық агенті) таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуге құқылы.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің):

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салық кезеңінің;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің;

3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

 

71-бап. Уәкілетті органның салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзартуы

1. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осындай есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш табыс етуге құқылы.

2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша оны алғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім шығаруға міндетті.

3. Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мониторингке жататын ірі салық төлеушіде ол осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініш берген күні салық берешегі болған жағдайда, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ екендігі (бар екендігі) туралы анықтама негізінде немесе алдыңғы он екі айлық кезең ішінде мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімдерін бұзушылық фактісі негізінде қабылданады.

4. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартуға құқылы.

5. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші осындай есептілікті осы Кодексте белгіленген тәртіппен табыс етеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

6. Салық қызметі органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде электрондық түрдегi салық есептілігiн уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер табылған жағдайда, уәкілетті орган осындай есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартады.

 

72-бап. Салық органының салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзартуы

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық органы, мониторинг бойынша есептілікті және тауарлардың кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігінің электрондық түрде табыс етілу шартымен оны табыс ету мерзімін салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша ұзартады.