оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайту жолына жұмсалған нақты шығыстарды қамтиды.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына өтеусiз негiзде берiлген мүліктің құнын;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп танылған жұмыстарды орындауға тиісті салық кезеңдерінде нақты жұмсалған шығыстардың 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақша Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген жұмыстардың нәтижесі енгізілген жағдайда, өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге берген, осындай жұмыстарды жүзеге асыру нәтижесінде алынған өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары болған кезде қолданылады.
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жатқызылатын жұмыстардың тізбесін, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау тәртібін, сондай-ақ қорытындының нысаны мен оны беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл ретте салық төлеушінің қорғау құжатын алуға арналған шығыстары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған шығыстар деп танылмайды.
133-баптың 2-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 3-2-бабының редакциясында қолданылды
2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:
1) негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есебіне жатқызу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай сыйақыны;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыны;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден шеккен залалдарға азайтылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға азайтуға құқығы бар.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
3. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің мақсаты үшін акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтерлер (үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетін:
1) осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) 134-баптың 2-тармағына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кіру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдық түріндегі табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
Осы тармақтың мақсаты үшiн:
ортақ мүлiктi күтiп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң мiндеттi төлемдерi;
тұтастай үйдi қажеттi пайдалануға мiндеттi және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiне олардың келісімiмен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң төлемдерi;
үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi мiндеттi төлемдер мерзiмiн өткiзiп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде есептелген өсiмпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшерi және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекітіледi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
5. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылатын сомасы салық төлеушінің таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
6. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдісі бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негізге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.
7. Салық төлеуші бөлек әдіс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргізеді.
135-бап. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы бапта көзделген ұйымдардың табыстарына осы бапта белгіленген талаптар сақталған кезде салық салуға жатпайды.
2. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері:
1) косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;
2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет;
Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстары олар көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
3. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетін:
1) салық кезеңінде мүгедектер саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 процентін құрайтын;
2) салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 процентін) құрайтын ұйымдар да жатады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетін тауарлар өндіру мен өткізу жөніндегі қызметтен табыстар алатын ұйымдар жатпайды.
5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстар осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 135-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
135-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарына салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;
жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мынадай деңгейлер:
бастауыш, негізгі және жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
қосымша білім беру бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;
3) бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған акционерлік қоғам болып табылатын;
осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаға тиесiлi болатын;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға тиесiлi болатын не осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын;
осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлiк және депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі табыстарын ескере отырып, жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай қызметтің бір немесе бірнеше түрін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім беру қызметінің мынадай деңгейлері:
бастауыш, негізгі және жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
қосымша білім беру бойынша қызметтер көрсетуді;
ғылым саласындағы қызметтi, атап айтқанда: iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық, ғылыми-зерттеу қызметiн;
осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құрайтын ұйым дербес білім беру ұйымы деп танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған және жұмсалған құрылтайшының түсімдері де жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;
5) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға тиесiлi болатын не тек қана осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалар құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын ұйым дербес білім беру ұйымы деп танылады;
осындай ұйымның есепті салық кезеңіндегі табысы ғылым саласындағы мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады:
ғылыми-техникалық;
инновациялық;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу.
Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның қорытындысымен расталады.
Ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім беру қызметінің мынадай деңгейлері:
бастауыш, негізгі және жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
қосымша білім беру бойынша қызметтер көрсетуді;
аталған қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса, оларға осы тармақша қолданылмайды.
2. Дербес білім беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымының алған таза табысы немесе мүлкi қатысушылар арасында бөлінген салық кезеңдерi бойынша осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 66-бабына сәйкес 135-2-баппен толықтырылды
135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға салық салу
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның табыстары, егер мұндай табыстар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылуға жатады:
1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу және оларды өткізу;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;
3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуі және өткізуі;
4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның заңды тұлғаларға талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алу бойынша алынған мүлікті жалға беру немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;
5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.
Бұл ретте алынуға жататын табыстарды осы тармақта көрсетілген табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, табыстардың жалпы сомасында айқындалады.
5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
136-бап. Залал ұғымы
1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп:
1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерімдердің жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;
2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.
2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал:
1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізу күніндегі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма болып табылады.
3. Шығыстардың осы Кодекстің 127, 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша залал болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
4. Осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердiң өткiзiлу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма осындай активтердi өткізуден шеккен залал болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал болып табылмайды.
137- баптың қолданылуы туралы 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 15-1-бабын қара
137-бап. Залалдарды ауыстыру
1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар осы салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейінгі он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
1-1. Осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залалдар осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
Егер бұл залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмаса, онда олар келесi қоса алғандағы он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуi мүмкiн.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында көрсетiлген бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түсетiн табыстарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, онда олар, қоса алғанда келесi он жылға, қоса алғанда келесi он жылға ауыстырылуы және, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтелуі мүмкін.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізуден туындаған залалдар заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай: