4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
3. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісінде әкелінген, іс жүзінде тұтынылған тауарлар бөлігінде жүргізеді. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 244-4-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу
1. Алтын өндіруді және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін өз өндірісі шикізатынан тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмесі;
3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмесі осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.
245-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.
Егер, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, нөлдік ставка бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.
Осы баптың мақсатында қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген және өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген, кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келетін шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.
Осы тармақта аталған салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттердiң аумағына өткізуі бойынша айналымға салынады.
Осы тармақта көрcетiлген қосылған құн салығын төлеушiлердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға салынады.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушілерге:
1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісімшартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;
2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу актісі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбырлар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі.
Құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) олардың негізінде өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбырлар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда, тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі беріледі;
5) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - оларды сатып алушыға өңдеу өнімдерінің тиеп жөнелтілгенін растайтын құжаттар;
6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына өткізілген өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
7) осы Кодекстің 276-13-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
Қайтарылуға жататын қосылған құн салығынан асып кеткен соманы айқындау кезінде Қазақстан Республикасының салық қызметі органының сұрау салуы бойынша кеден одағына мүше мемлекеттің салық қызметі өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған салықтық тексерудің нәтижелері ескеріледі.
32-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 246-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
246-бап. Салық салынатын импорттың айқындамасы
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, кеден одағының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар (осы Кодекстің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 247-бап өзгертілді
247-бап. Салық салынатын импорт мөлшері
Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін кеден төлемдерінің сомалары кіреді.
33-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛҒАН АЙНАЛЫМДАР ЖӘНЕ ИМПОРТ
248-баптың қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 3-3-бабының редакциясында қолданылды
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 248-бап өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар
Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді:
1) почта төлемақысының мемлекеттік белгілерін;
2) акциздік маркаларды (осы Кодекстің 653-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3) уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызмет көрсетулерді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшін сатып алынған мүлікті;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусіз негізде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;
6) жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) лотереяларды тарату жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді;
2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) төлем қарточкаларымен және электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнінде қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулерді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) кеден одағының кеден аумағына кеден аумағында өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарында сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі, кеден одағының кедендік шекарасынан өту кезінде вагондарды арбаларға немесе ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру жөніндегі жұмыстарды, қызмет көрсетулердi; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетулер жөніндегі қызмет көрсетулерді; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз айлақтарындағы қызмет көрсетулерді;
11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет көрсетулерді;
12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
13) егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ өндірістік ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндірістік ұйымдардың қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 процентін мүгедектер құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 процентін) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін;
14) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызмет көрсетулерді;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, тазартылған қымбат бағалы металдарды - өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-1) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:
өткізілген инвестициялық алтынның салмағын
өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)
көбейту
өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына
көбейту
тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтынды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:
құймалар;
пластиналар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады;
17) осы Кодекстің 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетулерді;
18) осы Кодекстің 249-254-баптарында аталғандарды;
19) нотариаттық іс-әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
20) мыналар:
ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретін акцияларының 100 проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операциялары;
Аталған заңды тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді
21) бажсыз сауда кедендік рәсімiне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен бап 22) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)
22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін резидент еместің қызметтер көрсетуі қосылған құн салығынан босатылады.
249-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар
1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру, мыналарды:
1) қонақ үй қызмет көрсетулері үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізуді және (немесе) жалға беруді;
2) қонақ үйде тұру бойынша қызмет көрсетулерді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 24 бабына сәйкес 249-баптың 2) тармақшасын қоспағанда, 2-тармақ 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
Мыналар:
1) автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесін беру үшін төлем;
2) қонақ үй қызметін көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимараты (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі), тұрғын үй ғимаратына жатпайтын (жатқызылмайтын) ғимараты (ғимараттың бір бөлігі) орналасқан жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру, сондай-ақ осындай жер учаскесін жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығанан босатылмайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 250-бап өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
250-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларға:
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) лицензия негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:
депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу
жеке және заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетілген металл шоттарын ашу және жүргізу;
аударым операциялары;
банктік қарыз операциялары;
кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілгерлігін және өзге де міндеттемелерді беруі;
банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1) ислам банкінің лицензия негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:
жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет көрсетулері;
4) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетулері;
6) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсетулер;
2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) төлем карточкаларымен, электрондық ақшамен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;
8) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсетулер;
9) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша қызмет көрсетулер;
10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу бойынша қызмет көрсетулері;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) қатысу үлесін сату;
12) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;
13) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі бойынша қызмет көрсетулер;
14) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:
аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
қарыз операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
кассалық операциялар;
кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге де міндеттемелер беру;
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) инвестициялық алтынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттары арқылы өткізу;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17) осы баптың 4-тармағында көрсетілген операциялар жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)