«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 2 қарашадағы № 344 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 2 қарашадағы № 344 бұйрығы

 

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 302 бұйрығымен күші жойылды

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.

2. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Әбілова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 1-1-2/327 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1734 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылы, № 12, 559 б.) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Х. Пірметовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Т. Ермегияев

 

Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы 2 қарашадағы

№ 344 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.