(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.23.07 № 961 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 Қаулысы

 

Осы редакция 2012 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) Жоспардың іс-шараларын мүлтіксіз және уақтылы орындауды, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі бір апта мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті ұсыныстарды әзірлесін және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 шілдедегі

№ 961 қаулысымен

бекітілген

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.