2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 шешімі
(2013.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облысы мәслихатының 2013.27.02. № 9/116 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 11/164 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.16.08. № 12/172 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 13/189 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 91 576 653 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 52 133923 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 308 143 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 944 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 38 127 642 мың теңге;
2) шығындар - 88 339 651 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 3 910 410 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 820 519 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 910 109 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 162 298 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 162 298 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 835 706 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 835 706 мың теңге.