Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 Қаулысы
(2014.25.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 667 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2014.25.02. № 149 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін жүзеге асыру бойынша лицензиар болып Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті айқындалсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.