Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 982 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1590 қаулысымен
бекітілген
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін
растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың
тізбесі