Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 949 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 15 қазандағы
№ 949 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру
ережесі
1. Осы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке мынадай негізгі міндет жүктеледі:
1) тиісті ұйымдар мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру;
2) тиісті ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
3. Негізгі міндеттерге сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жолға шығатын техникасы бар және жолға шығатын техникасы жоқ болып құрылады:
жолға шығатын техникасы бар - негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобилдерімен жарақтандырылған немесе техникалық сипаттамасы бойынша өрт сөндіру мәселелерін толық көлемде шешуді қамтамасыз ететін бейімделген техникасы бар өрт сөндіру бөлімдері (бекеттері);