Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 Қаулысы
(2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.