«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы (2025.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

 

 

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-тарау. САЛЫМ ШАРТЫ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ

 

7-бап. Салым шарты

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Салым шарты осы Заңның талаптарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және үлгілік салым шарты негізінде қатысушы банк пен салымшы арасында жазбаша нысанда жасалады.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салым шартының қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша айқындалады.

3. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін салым шарты:

1) егер тараптардың бірде-бірі шарттың қолданылуын тоқтатуға ниет білдірмесе, оның қолданылу мерзіміне автоматты түрде ұзартылады;

2) тараптардың келісімімен өзге мерзімге ұзартылады;

3) ақша қалдығы аударыла отырып, салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкпен жасалуы мүмкін.

 

8-бап. Салым шартының талаптары

1. Салым шартында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

1) шарттың нысанасы;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қатысушы банк белгілейтін бастапқы жарна мөлшері;

3) шарттың қолданылу мерзімі;

4) қатысушы банк сыйақысының мөлшері және оны төлеу тәртібі;

5) мемлекет сыйлықақысының осы Заңда белгіленген мөлшері;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бастапқы білім беру капиталының (бар болса) мөлшері және оны қайтару шарттары;

6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

7) салымшының операторға банк құпиясын ашуға жазбаша келісімі;

8) тараптардың жауаптылығы;

9) шартты бұзу талаптары;

10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де ережелер.

2. Білім беру жинақтау салымы теңгемен ашылады.

3. 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қатысушы банк салым шартын жасасқан кезде білім беру жинақтау салымына қосымша жарналарды салудың ұсынылатын кезеңділігін және олардың мөлшерін есептейді.

5. Салымшының шотына Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардан жарналар салынуы мүмкін.

 

9-бап. Салым шартын тіркеу

1. Салым шарттары осы Заңның 12-бабына сәйкес мемлекет сыйлықақысы есепке жазылатын білім беру жинақтау салымдарын есепке алу үшін білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады.

2. Оператор қатысушы банк ұсынған салым шарттарын тіркеуді білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне мәліметтерді енгізу және тіркеу нөмірін беру арқылы жүзеге асырады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, қатысушы банк ұсынған салым шарттары тіркелуге жатады. Салымшының операторда тіркелген салым шарты немесе ол бойынша салымшы пайда алушы болып табылатын, операторда тіркелген сақтандыру шарты болған кезде, салым шарты тіркелуге жатпайды.

 

10-бап. Қатысушы банк сыйақысы

1. Қатысушы банк ай сайын капиталдандыра отырып,салымшыға салым шартында айқындалған мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейді.

2. Қатысушы банк сыйақысы салым шарты қолданылатын мерзім бойына есепке жазылады және білім беру жинақтау салымының негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Қатысушы банктің тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең төмен мөлшері:

1) қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге жасалатын салым шарты үшін - салым шартын жасасу немесе ұзарту күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, екі жүз базистік тармаққа төмендетілген базалық мөлшерлеме деңгейінен төмен;

2) бір жылдан астам уақытқа жасалатын салым шарты үшін - салым шартын жасасу немесе ұзарту күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, үш жүз базистік тармаққа төмендетілген базалық мөлшерлеме деңгейінен төмен болмауға тиіс.

 

11-бап. Білім беру жинақтау салымына иелік ету

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім беру жинақтау салымының ақшасын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке не қатысушы банктен қатысушы-сақтандыру ұйымына толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы.

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Бастапқы білім беру капиталы жоқ салымшыға білім беру гранты берілген немесе салымшының білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда, салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі:

1) білім беру жинақтау салымына қаражат жинақтауды жалғастыруға;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) білім беру жинақтау салымының қаражатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасы үшін білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына аударуға;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мақсатында білім беру жинақтау салымының қаражатын білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) білім беру жинақтау салымының қаражатын қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысымен және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру жинақтау салымының қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалануға құқылы.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен қалыптастырылған білім беру жинақтау салымының қаражатын (олар болған кезде) салымшы:

1) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған салымшының нысаналы жинақтау шотына аудару кезіндегі валюталар бағамы бойынша АҚШ долларында одан әрі аудару үшін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына аударуға;

2) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына ұлттық валютамен аударуға;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мақсатында білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;

4) білім беру жинақтау салымында қаражат жинақтауды жалғастыруға құқылы.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Бастапқы білім беру капиталы бар салымшыға білім беру гранты берілген немесе оның білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім туралы құжаттың ұсынылуы шартымен қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы ескерілген білім беру жинақтау салымының қаражатын алуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес білім беру жинақтау салымына билік етуге құқылы.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салымшы қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде білім беру қызметтеріне ақы салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша бөліктермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) қатысушы білім беру ұйымына төленеді.

4. Салымшы қаза болған, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған, не қайтыс болды деп жариялаған немесе ол денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, білім беру жинақтау салымын:

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі немесе оның мұрагерлері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасы үшін білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына жібереді;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ол мемлекет сыйлықақысы, бастапқы білім беру капиталы (бар болса) сақтала отырып, салымшыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне немесе оның мұрагерлеріне салым шартын бұзу талаптары бойынша төленеді.

5. Барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төленгеннен кейін білім беру жинақтау салымында қаражат қалған кезде салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі осы соманы есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға құқылы.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі жинақталған қаражат сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен және бастапқы білім беру капиталымен (бар болса) қоса Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымына бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларында көзделген тәртіппен аударуға құқылы.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Салымшы шетелдік білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша салымшының жинақталған қаражатынан оқуға ақы төлеуді қатысушы банк салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысын, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын (бар болса) ескере отырып, үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) жүзеге асырады. Бұл ретте, кейіннен қаражат шетелдік білім беру ұйымына аударылған кезден бастап мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы тоқтатылады.

Салымшы шетелдік білім беру ұйымына грантқа қабылданған жағдайда салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған шетелдік білім беру ұйымының білім туралы құжатының ұсынылуы шартымен қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген білім беру жинақтау салымының қаражатын алуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес білім беру жинақтау салымына билік етуге құқылы.

2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, салым шарты бойынша банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

 

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

11-1-бап. Сақтандыру шарты және сақтандыру шартына билік ету

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Сақтандыру шарты осы Заңның талаптарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және үлгілік сақтандыру шарты негізінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын пайда алушының пайдасына қатысушы-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасында жазбаша нысанда жасалады.

2. Сақтандыру шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалады.

3. Сақтандыру шартында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

1) сақтандыру шартының нысанасы;

2) сақтанушы туралы мәліметтер;

3) сақтандыру шарты бойынша пайда алушы туралы мәліметтер;

4) сақтандыру жағдайын көрсету;

5) сақтандыру сомасының мөлшері;

6) сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері, оны (оларды) төлеу тәртібі мен мерзімдері;

7) төлем талаптары және сатып алу сомасының мөлшері;

8) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі;

9) сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзімі;

10) мемлекет сыйлықақысының осы Заңда белгіленген мөлшері;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бастапқы білім беру капиталының (бар болса) мөлшері және оны қайтару шарттары;

11) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

12) сақтанушының, пайда алушының (заңды өкілдің) сақтандыру құпиясын операторға ашып көрсетуге жазбаша келісімі;

13) тараптардың жауапкершілігі;

14) сақтандыру шартының талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;

15) сақтандыру шартын бұзу талаптары;

16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ережелер.

4. Сақтандыру шарттары осы Заңның 14-1-бабына сәйкес мемлекет сыйлықақысы есепке жазылатын сақтандыру шарттарын есепке алу үшін білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады.

5. Оператор білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізіліміне мәліметтерді енгізу және тіркеу нөмірін беру арқылы қатысушы-сақтандыру ұйымы ұсынған сақтандыру шарттарын тіркеуді жүзеге асырады. Сақтандыру шарты операторда тіркелген пайда алушының пайдасына жасалған сақтандыру шарты немесе ол бойынша салымшы мен пайда алушы сол бір тұлға болып табылатын, операторда тіркелген салым шарты болған кезде тіркелуге жатпайды.

6. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында айқындалады.

7. Сақтандыру шартының валютасы теңге болып табылады.

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы бір рет немесе сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру жарналары түрінде бөліп төленеді не «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін пайда алушының нысаналы жинақ төлемдері есебінен төленеді.

9. Мыналар сақтандыру жағдайлары болып табылады:

1) сақтандырылушының сақтандыру шартында белгіленген күнге дейін өмір сүруі;

2) сақтандырылушыға сақтандырып қорғаудың қолданылуы кезеңінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуі;

3) сақтандыру шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырып қорғаудың қолданылуы кезеңінде сақтандырылушының қайтыс болуы.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Пайда алушының шетелдік білім беру ұйымына оқуға түсу жағдайын қоспағанда, пайда алушы қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде сақтандыру төлемі қатысушы білім беру ұйымына жүзеге асырылады.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде қатысушы-сақтандыру ұйымдары сақтанушының немесе пайда алушының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша сақтандыру төлемін пайда алушыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде инвестициялық кірісті, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын (бар болса) ескере отырып, үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) жүзеге асырады.

Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушының банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, шетелдік білім беру ұйымына білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында ғана осы адамның атына «эскроу-шот» режиміндегі банктік шот ашады және сақтандыру төлемінің сомасын осы шотқа аударады.

Қатысушы-сақтандыру ұйымы «эскроу-шот» режиміндегі банктік шотқа сақтандыру төлемін аударған кезден бастап мемлекет сыйлықақысын есепке жазу тоқтатылады.

Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына грантқа қабылданған жағдайда сақтанушы немесе пайда алушы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған шетелдік білім беру ұйымының білім туралы құжатының ұсынылуы шартымен инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға, сондай-ақ осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне билік етуге құқылы.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12. Пайда алушы қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде сақтандыру төлемі сақтанушының немесе пайда алушының не оның заңды өкілінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қатысушы білім беру ұйымына кезең сайын төлемдермен (әрбір академиялық кезеңге немесе оқу жылына) немесе бір рет толық көлемде (оқудың бүкіл мерзіміне) ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді

13. Бастапқы білім беру капиталы жоқ пайда алушыға білім гранты тағайындалған немесе пайда алушының білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - пайда алушы не оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда:

1) инвестициялық кірісті және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мақсатында сақтандыру шартының қолданылу мерзімін ұзартуға және (немесе) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) инвестициялық кірісті және мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасы үшін сақтандыру шартына немесе білім беру жинақтау салымына ақы төлеуге аударуға;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық кіріс пен есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға аударуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын (олар болған кезде) пайда алушы:

1) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған салымшының нысаналы жинақтау шотына аудару кезіндегі валюталар бағамы бойынша АҚШ долларында одан әрі аудару үшін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына аударуға;

2) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына ұлттық валютамен аударуға құқылы.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 13-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1. Бастапқы білім беру капиталы бар пайда алушыға білім беру гранты берілген немесе оның білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда пайда алушы, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - пайда алушы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім туралы құжаттың ұсынылуы шартымен инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы ескерілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға, сондай-ақ осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне билік етуге құқылы.