Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1391 қаулысымен бекітілген
Фильмге прокаттау куәлігін беру
қағидасы
1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және фильмге прокаттау куәлігін беру (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ прокаттау куәлігін алу мақсатында Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер, фестивальдерде, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілген) фильмдерді қоспағанда, Фильмдердің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Фильмдер тізілімі) тіркеледі.
3. Фильмге прокаттау куәлігі - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, индексі мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болатын құжат.
4. Прокаттау куәлігін мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі -уәкілетті орган) өзі бекітетін нысан бойынша береді.
5. Прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш. Өтініште міндетті түрде төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
фильмнің атауы;
фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.