Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 Қаулысы
(2012.25.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.25.06. № 831 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.25.06. № 831 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 1386 қаулысына
қосымша
Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің
құрамы