Астана, Ақорда, 2012 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 457
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат; 2005 ж., № 30, 383-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2012 ж., № 6, 114-құжат):
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоса беріліп отырған:
1) АЭА туралы ереже;
2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:»;
3) осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын.
3. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.