Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы
Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 4/1035 Қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 80 шешімі
Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 2/422 қаулысымен және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 230 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 3) тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» 2011 жылғы 12 мамырдағы № 77 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 385 Жарлығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы аудандары шекараларының схемалық картасына (1 қосымша) және Алматы қаласы аудандары шекараларының сипаттамасына (2 қосымша) сәйкес, Алматы қаласы аудандарының шекаралары белгіленсін.
2. «Алатау ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын орнату туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 шілдедегі № 3/490 бірлескен қаулысы және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 109 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 775 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 шілдедегі «Алматы ақшамы» газетінің № 79 санында және 2008 жылғы 17 шілдедегі «Вечерний Алматы» газетінің № 85 санында жарияланған) 2 тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.Т. Мұқашевқа нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізу жүктелсін.