«Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 2/422 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 230 шешімі (күші жойылды)

Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы
Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 2/422 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 230 шешімі

 

Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 3/522 қаулысымен және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІX сессиясының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 240 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Алматы қаласы аудандары шекараларының схемалық картасына (1 қосымша) және Алматы қаласы аудандары шекараларының сипаттамасына (2 қосымша) сәйкес Алматы қаласы аудандарының шекаралары белгіленсін.

2. «Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 4/1035 қаулысының және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 80 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 963 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.