«Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 3/522 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІX сессиясының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 240 шешімі

Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы
Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 3/522 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІX сессиясының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 240 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 3, 4 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Алматы қаласында Наурызбай ауданы құрылсын.

2. Алматы қаласы аудандары шекараларының схемалық картасына (1 қосымша) және Алматы қаласы аудандары шекараларының сипаттамасына (2 қосымша) сәйкес Алматы қаласы аудандарының шекаралары белгіленсін.

3. «Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 2/422 қаулысының және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVIІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 230 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1066 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

5. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.

6. Осы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және Алматы қаласы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.