«Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 36 Қаулысы (2013.14.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 36 Қаулысы

(2013.14.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қаулысымен күші жойылды

 

«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы

№ 36 қаулысымен

 бекітілген

 

 

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау

қағидалары

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2013.14.09. № 957 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту, оның сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (бұдан әрі - тауар өндірушілер) қолдау мақсатында тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі - субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.

2. Субсидиялауға жататын бағыттар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.