Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығы
(2014.10.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 238 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қалаларында және басқа елді мекендерінде құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеу қағидасы бекітілсін.
2. Сәулет, жобалық жұмыстар және сметалық нормалар департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның салалық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.