Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 - 2015 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1783 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1554 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 - 2015 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 - 2014 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 360 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 507-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.