«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті (Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 66/01 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Қарағанды облысының әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/02 Қаулысымен күші жойылды

 

Қарағанды облысы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 66/01 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - қызмет) «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - қызмет беруші), сондай-ақ www.e.gov.kz мекенжайы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz мекенжайы бойынша «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Қызметті көрсету түрі: транзакциялық.

5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір(бұдан әрі - БСН);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.