Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығы
(2012.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 5 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4408 тіркелген, 2006 жылдың 20 қазанындағы № 254-255 (24508) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Даму департаменті:
1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;