«Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 59 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 852 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 498-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Биржа саудасының үлгі ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 59 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 2042 қаулысымен
бекітілген
Биржа саудасының
үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Биржа саудасының үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді жасау кезіндегі тауар биржасының мүшелері қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Үлгі ереже негізінде әрбір тауар биржасы өзінің Биржа саудасының ережесін (бұдан әрі - Биржаның ережесі) әзірлейді және бекітеді.
3. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ашу бағасы - биржалық сауда басталатын баға не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша бірінші биржалық мәміле жасалған баға;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.