Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 276 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің төмендегідей регламенттері бекітілсін:
1) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру»;
2) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»;