Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 89 Қаулысы
(2014.28.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 69 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 162 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 393-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.