Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 848 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2223 қаулысымен бекітілген
«Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны
жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі жергілікті әскери басқару органдарымен (бұдан әрі - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. ЖӘБО мен Орталықтардың тізбелері осы Стандартқа 2, 3-қосымшаларда көрсетілген.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы 10-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚПҮ) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженің 9-тармағы 29) тармақшасының, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz. интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және ЖӘБО мен Орталықтардың үй-жайларында орнатылған стенділерде орналастырылады.
5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау түрі жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлергер) анықтамалар беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - 1 жұмыс күні.
Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 1 айға дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен өтініш берушіге мерзімді ұзарту туралы хабарлай отырып, сұрау салынатын ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салуды жолдайды.
Таяу шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтама беру мерзімі 3 айға дейін ұзартылады;
2) кезекте күту уақыты - қажетті құжаттарды тапсырған кезде 30 минуттан артық емес;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде күту - өтініш беруші өтініш жасаған сәттен бастап 10 минут;
Орталыққа өтініш жасаған кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - ЖӘБО-ға қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 1 айға дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен өтініш берушіге мерзімді ұзарту туралы хабарлай отырып, сұрау салынатын ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салуды жолдайды.
Таяу шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтама беру мерзімі 3 айға дейін ұзартылады.
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте барынша жол берілетін күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде кезекте барынша жол берілетін күту уақыты - 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:
аптасына төрт күн сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
Қабылдау кезектілік тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Орталыққа өтініш жасаған кезде:
жексенбіні қоспағанда, түскі үзіліссіз, аптасына алты күн сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезектілік тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген ЖӘБО-ның ғимаратында немесе Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Анықтама алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
ЖӘБО-ға:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) әскери билетті немесе уақытша куәлікті (әскери билеттің орнына);
3) жеке куәлігінің түпнұсқасын.
Орталыққа:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) әскери билетті немесе уақытша куәлікті (әскери билеттің орнына);
3) жеке куәлігінің көшірмесін.
Орталыққа қосымша жоғарыда көрсетілген құжаттармен салыстыру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы ұсынылады (салыстырғаннан кейін қайтарылады).
Анықтама беру Ұлы Отан соғысы жылдары әрекеттегі армияға, бұрынғы Кеңес Одағын қорғау жөніндегі жауынгерлік операцияларға, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамға жүргізіледі.
12. ЖӘБО-да анықтама алу үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда және ЖӘБО қызметкерлерінде болады.
Орталықта анықтама алу үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда және Орталықтың консультанттарында болады.
Анықтама беру туралы өтініш бланкісінің үлгісі осы Стандартқа 4-қосымшада көрсетілген және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
13. ЖӘБО-да (Орталықта) құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда «терезелердің» мақсаты мен атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ ЖӘБО қызметкерінің (Орталық инспекторының) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
14. ЖӘБО-да құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушіге мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;
4) құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;
5) анықтаманы ресімдеуге өтінішті қабылдаған ЖӘБО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдау кезінде өтініш берушіге мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттардың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;
4) құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.
15. Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтаманы ЖӘБО қызметкері «терезелер» арқылы өзі барған кезде және өзінің қолына береді.
Орталықта өтініш берушіге дайын құжаттарды беруді «терезелер» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады.
16. Құжаттарда қателер, түзетулер, өшірулер анықталған кезде ЖӘБО қызметкері өтініш берушіге анықтама беруден бас тарту себебін 1 жұмыс күні ішінде жеткізеді.
Орталықтан келіп түсетін құжаттарда жоғарыда көрсетілген кемшіліктер анықталған кезде немесе осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған кезде ЖӘБО қызметкері құжаттарды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша түрде негіздей отырып, оларды Орталыққа қайтарады.
Кұжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді және қайтару себебі туралы уәкілетті органның жазбаша негіздемесін береді.
Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған жағдайларда ЖӘБО қызметкері 1 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні мерзімді ұзарту туралы хабардар етеді.
Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған жағдайларда ЖӘБО қызметкері мерзімдерді ұзарту себептерін жазбаша түрде негіздей отырып, оларды 1 жұмыс күні ішінде Орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық анықтама беру мерзімін ұзарту себебі туралы жазбаша негіздемені береді.
Егер өтініш беруші құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайларда Орталық оларды өтініш берілген күннен бастап 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖӘБО-ға береді.
17. ЖӘБО-ның және Орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
қызметтік міндеттерін атқарған кезде заңдылықты сақтау;
сыпайылық;
түпкілікті және толық ақпарат беру;
ақпараттың сақталуын, қорғалуын және оның құпиялылығын қамтамасыз ету;
құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді, олар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz. интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
19. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы және қол жетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. ЖӘБО уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері атынан департамент бастығының заң жұмыстары жөніндегі көмекшілері (заң консультанттары) болып табылады. ЖӘБО мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар мен талап-арыздарды қарау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті болып табылады.
Орталық инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны арқылы алуға болады: 58-00-58.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым ЖӘБО бастығының атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі.
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеу туралы шағым Орталық директорының атына беріледі.
22. ЖӘБО-да дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайларда шағым ЖӘБО бастығының атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі.
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дұрыс қызмет көрсетілмегені туралы шағым Орталық директорының атына беріледі. Орталықтың мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген. ЖӘБО мен Орталықтардың жұмыс кестелері осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген.
23. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде, сондай-ақ электрондық түрде заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.
Шағымда өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның пошталық мекенжайы және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш берушінің қолы қойылған немесе оның электрондық цифрлы қолтаңбасымен расталған болуға тиіс.
24. Жазбаша өтініш жасаған өтініш берушіге өтініштің қабылданған күнін және уақытын, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып талон беріледі.
Келіп түскен шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарларын есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде қаралады.
Азаматтардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері - 30 күнтізбелік күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеуді талап етпейтіндер - 15 күнтізбелік күн.
Берілген шағымды қарау барысын және оған жауапты ЖӘБО-дан білуге болады.
Орталыққа келіп түскен шағым ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Өтініш беруші ЖӘБО бастығы, жоғары тұрған уәкілетті орган немесе Орталық директоры қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда өтініш беруші заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.
25. Уәкілетті органның және Орталық басшыларының қабылдау уақыты осы Стандарттың 9-тармағында көзделген уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
ЖӘБО байланыс телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Уәкілетті органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетіледі.
Орталықтардың байланыс телефондары 3-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, № 14 үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz.
«Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан
соғысына қатысушыларға, Чернобыль
АЭС-індегі аварияны жоюшыларға,
интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар
беру» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні