(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІНІҢ 2010....

Жедел есептілікті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдестемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 100 бұйрығы

 

Осы редакция 2012 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 01-39.26 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 5-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жедел есептілікті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдестемелік нұсқаулықтар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулық) бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын мониторинг жүргізу кезінде осы Әдістемелік нұсқаулықты басшылыққа алсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және

сауда министрінің

2010 жылғы 1 шілдедегі

№ 100 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жедел есептілікті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспрларына мониторинг жүргізу жөніндегі

әдістемелік нұсқаулықтар

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мониторингінің негізгі ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарғысында (бұдан әрі - № 931 Жарғы) белгіленген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.