«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 586 бұйрығына 6-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 163 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2012 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 586 бұйрығына 6-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген)
салықтардың сомалары туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.

2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады:

1) алушы - жеке немесе заңды тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті);

2) БСАЖ - біріктірілген салық ақпараттық жүйесі;

3) Енгізу регламенті - ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 423 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің «БСАЖ», «СЕӨЖ», «Акциз» ақпараттық жүйелеріне енгізу және өңдеу регламенті;

4) құрылымдық-функциональдық бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғалар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.