Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 586 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 163 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Салық резиденттігін растау» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;